ҚКТЖК » Жаңалықтар » «КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» Республикалық форум

«КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» Республикалық форум

"Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз"

  Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев


 Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің базасында Қызылорда облысының білім басқармасының  ұйымдастыруымен 

 «КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» тақырыбында Республикалық форум болып өтті. 

Форумға  аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов пен облыстық әдістемелік орталығының ТжКБ жөніндегі бөлім меңгерушісі Бибайша Қыдырқожақызы  Муслимова және ТжКБ жастар ісі жөніндегі комитеттері

- Республика бойынша  теміржол мамандықтарын даярлайтын колледж басшылары мен орынбасарлары;

- қамқорлыққа алған кәсіпорындар (ұйымдар);

- дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар;

- мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;

- жергілікті атқарушы органдар;

- жұмыс берушілер қауымдастығы; 

- бұқаралық ақпарат құралдары;

- ата-аналар комитеті;

- колледж түлектері қатысты.

Мақсаты: 

- Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын іске асыру; 

- Ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту. 

Бағыттары: 

- Мамандықтар атласын әзірлеу; 

- Кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жүзеге асыру; 

- ТжКБ трансформациялау;

-Білікті мамандар даярлау;

- Сапалы жұмыс орындарын құру; 

- Жұмысшы мамандардың құқықтарын қорғау; 

- Жұмысшы мамандықтардың имиджін көтеру.

Міндеттері:

- колледждің инновациялық инфрақұрылымын кеңейту және дамыту, мәлімделген құзыреттіліктер бойынша мамандарды даярлаудың әдістемелік базасын құру;

- мамандар даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

- орталықтың материалдық базасын дамытуға әлеуметтік серіктестерден демеушілік тарту;

- білім беру мекемесінің имиджін жақсарту;

- дуалды оқытуды дамыту;

- жұмыс беруші сұранысы бойынша мақсатты мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушы санын арттыру.

Шара барысы әр аймақтан келген қонақтарды қарсы алып тіркеуден басталды. Колледжіміздің оқытушылары Алибекова Лаура мен Қонақбай Анар форумға қатысушыларды тіркеп, колледжіміздің 95жылдық мерей тойына арнайы номірмен  " Қазалы "аудандық танымдық-ақпараттық газеті және  жұмысшы мамандықтар жылына арналған  Білім айнасы журналына ұжымның мақалалары жазылған Республикалық журнал қатысушыларға арналған бейдждер таратылды.

Форум көрмемен Цифрландыру айнасы айдары бойынша 

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: «Елімізге сенің идеяң қажет» /инновациялық форсаж, идеялар матрицасымен басталды.Көрмені колледж әдіскері Г.Сәрсенбаева мен арнайы пән оқытушылары Р.И.Орымбаева, А.Б.Сартай электронды оқулықтары мен арнайы сайттармен авторлық бағдарламаларын таныстырып өтті. Форумның ресми ашылуын

Облыстық оқу орталының ТжКБ меңгерушісі ашты.

 Колледждің білікті жергілікті мамандар даярлау және (немесе) жұмысшы білікті мамандарын қайта даярлау мақсатында  құзыреттілік орталығының жұмысымен колледж директоры Р.Ж.Ізтілеу, орынбасары А.Б.Ахметова таныстырып ақпар берді.

Бағдарлама бойынша  колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру болды.

Оқу кабинеттері, шеберхана, зертханалар, «Жас маман» құзыреттілік орталықтары бойынша экскурсия жасады. 

«Теміржол көлігіндегі пойыздар қозғалысының арақашықтығын реттеу» кабинеті жабдықтарының жұмыс жасау барысы туралы ақпар  беру (3 тілде студенттер таныстырды); кабинет меңгерушісі Б.Тәжімұратова

 «Тепловозды басқару және жөндеу» кабинетіндегі машықтану тренажерінің жұмыс принцпімен кабинет меңгерушісі Р.Байтілесов

«Теміржол құрылысы» кабинетіндегі шкаф депо және темір жолдың мини моделі іске қосылған макеттермен К.Қарымсақова

«Жас маман» жобасы аясында алынған «Жылжымалы құрамдардың кешенді жабдықтары» кабинетінің жұмыс жасау позициясымен,«Жылжымалы құрамның автотежегіштерінің құрылысы» кабинетіндегі заманауи үлгідегі  3D модельдеу құрылғыларын басқару түрлерімен Э.Қ.Маханова

«Электротехника және микро электроника» негіздері кабинетіндегі жаңа үлгідегі бақылау-өлшеу аспаптары» зертханасының жұмыс принципімен Қ.Абильдаев

 «Цифрландыру» негіздері кабинетіндегі жаңа үлгідегі микропроцессорлық жүйелендіру блоктарымен,

колледждің оқу-өндірістік шеберханалары жағдайында халыққа қызмет көрсету мамандықтары бойынша кәсіби шеберліктерін жетілдіру, практикалық дағдылары арқылы жасалған бұйымдарымен модератор колледж директоры Р.Ж.Ізтілеу мен орынбасары А.Б.Ахметова, аға шебер М.М.Ақниязов  таныстырып өтті.

Шеберханадағы ұстахана шеберлігін Токарь цехінің меңгерушісі М.Нұржігітов, Газ шаруашылығы зертханалық кабинетінің меңгерушісі А.Дәулетиярова, Ағаш ұстаханасының меңгерушілері мен шеберлері Аманқұлов А, Ерімбетов Қ, Дәнекерлеу цехінің шеберлері Айқожа С,Қойтасов Е және Слесарьлік іс шеберлікті қажет етеді тақырыбымен Ахетуллаев А өз тобымен шебер сынып  жұмыстарын көрсетті. Спорт денсаулық кепілінің негізі тақырыбындағы үйірме жетекшілері А.Меңдалиева және дене тәрбиесі мұғалімдері фитнес клуб бойынша жұмыстарын көрсетті.АӘД пәндерінің оқытушылары М.Әлиев пен Д.Бозжігіт Теміржолда әскердің темір тәртібі  қатаң байланысын көрініспен көрсете білді.

Колледж мұражайындағы 95 жылдық тарихы бар іргелі оқу орнының өткен күн белестеріне колледжіміздің тарих пәнінің мұғалімі Досекеева Гүлжанат шолу жасады.

 «Өмір жолы өнеге» 2025-жұмысшы мамандықтар жылына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай  Кеңес Одағының батырлары, колледж түлектері Я.Д.Михайлюк, В.Счастновтарға мұражайдан бұрыш тарту етілді.Форумның аясындағы барлық шараларды мобилограф әрі өндірістік оқыту шебері Дастан Копболсын мен студент Арыстан Арманұлы түсірді.Жалғасы бар....


14 қараша 2025 ж. 0