«ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ: КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Тепловоз және вагон шаруашылығы» бірлестігінің «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: КӘСІБИ МАМАН, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» атты апталығы аясында арнайы пән оқытушысы Э.Маханова «ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ: КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға әлеуметтік серіктестіктен «Қамқор-Вагон»ЖШС Қазалы вагон жөндеу депосының орынбасары Ж.Е.Кабулов қатысты.
Семинардың мақсаты:
• Болашақ білікті маманның келешегі жарқын екендігіне көз жеткізу;
• Бірнеше теміржол біліктілігі арасында байланыстарын ұштастыру;
• Теория мен тәжірибенің бір ізділігін айқындау;
• Студенттерді өз мамандығына сүйіспеншілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қазіргі таңда колледжімізде дуальды оқыту жүйесінің элементтері оқу үдерісіне енгізілді.
Атап айтсақ, «07160600 - Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»,1304000-«Автоматика және телемеханика және қозғалысты басқару», 06120200 «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» мамандықтары бойынша теория мен тәжірибенің кіріктірілген бағдарламасы жасақталды. Аталған семинар дуальды оқыту жүйесі әлеуметтік серіктес мемелермен байланысты нығайту қажеттігін дәлелдеді.