ҚКТЖК » Жаңалықтар » «СӘКЕН-ЖЫРДЫҢ САРҚЫЛМАС ДАРИЯСЫ»

«СӘКЕН-ЖЫРДЫҢ САРҚЫЛМАС ДАРИЯСЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кешенді тәрбие жоспарына сәйкес  «Айтулы тұлғалар, атаулы даталар» жобасы аясында колледж кітапханашысы С.Сугурованың ұйымдастыруымен С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» атты колледжішілік мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Шараның мақсаты-ақиық ақын С.Сейфуллин  шығармаларының өміршеңдігін студенттерге таныту, есімін құрметтеуге тәрбиелеу және оқырмандардың шығармашылық қабілетін жетілдіру. Жазушының ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына арналған шығармаларынан кітап көрмесі қойылды. Байқау қорытындысымен Н. Жақыпбай І орын, Н. Сағындық ІІ орын және А. Бабақ пен С.Бармақбай ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз студенттерге шығармашылық табыс тілейміз!




09 ақпан 2024 ж. 11