«Жастар шынайы физикалық өмірден цифрлық виртуалды өмірге көп көңіл бөлуі»
2023 жылдың 16 қараша күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде қызмет көрсету мамандықтары апталығы аясында «Жастар шынайы физикалық өмірден цифрлық виртуалды өмірге көп көңіл бөлуі» тақырыбында семинар өтті.
Жастардың салауатты өмір салтына бейімділігін қалыптастыруда виртуалды тәуелділіктің механизмдерін дерек көздері арқылы анықтау нәтижесінде студенттер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша ұзақ уақыт бойы интернет желісінде отырып, компьютерлік ойындар ойнаған жасөспірімдер ашушаң, бас ауру, дене бітімінің бүкірейуі, ұйқысыздық сияқты келеңсіз жағдайлар білім сапасын қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірден –бір фактор екені анық. Виртуалды дос табу арқылы қиялғажайыптың психоэмоционалдық күйзеліске, жан-жағындағы адамдармен тілдеспеуге, көңіл-күйдің интернет пен компьютер ойындарына бағыну арқылы тәуелділік деңгейі артады. Сол себепті колледж студенттерін физикалық өмірден цифрлық виртуалды өмірге көп көңіл бөлуінен арылып, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету мақсатындағы семинарды арнайы пән оқытушысы Рақымжан Талиев ұйымдастырды.