ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҚАЗАҚТЫҢ ДАҢҚТЫ ТҰЛҒАСЫ-МАҒЖАН»

«ҚАЗАҚТЫҢ ДАҢҚТЫ ТҰЛҒАСЫ-МАҒЖАН»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында Алаш қозғалысының  қайраткері, қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі түркі жұртының шоқтығы биік қаламгері М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақтың даңқты тұлғасы-Мағжан» атты әдеби кеш өткізілді.

Шараға жиналған жас оқырмандарға колледж кітапханашысы С.Сугурова ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан шолу жасап, студенттер  назарына Қалила Умаровтың 1990 жылы Мағжанның көзін көрген адамдарды тауып түсірген «Мағжан» деректі фильмін  ұсынды.

Іс-шара барысында белсенді жас оқырмандарымыз ақынның «Мен жастарға сенемін», «Өлең», «Туған жер», «Ана» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды және талқылады, кештің соңы  «Жас қаламгер» атты кітап көрмесіне шолу жасалумен аяқталды. 



31 қазан 2023 ж. 0