ҚКТЖК » Жаңалықтар » СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 25 қазан-Республика күні қарсаңында студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және колледж   құрамасына  спорт  түрлерінен  жеңімпаздар  іріктеу мақсатында дәстүрлі «Спорт-денсаулық кепілі» атты  ХVIІІ спартакиада болып өтті. Шараны колледж директоры, спорт жанашыры, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Б.Ахметов ашып, спартакиадаға қатысқан 20 топтың студенттеріне жарыста сәттілік тіледі. Кеш қонақтары Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Ақпанбетов,  Қазалы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің жеңіл атлетикадан бапкері М.Қарабалаевтар студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Польша мемлекетінің Варшава  қаласында өткен Грэпплинг ноу ги бойынша Әлем чемпионы, ІІ курс студенті Яхып Наргиздің анасы Н.Махсымоваға колледж әкімшілігі тарапынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды.



20 қазан 2023 ж. 8