ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ТУҒАН ТІЛІМ-ҰЛЫ ДАЛА ҰРАНЫ!"

"ТУҒАН ТІЛІМ-ҰЛЫ ДАЛА ҰРАНЫ!"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қазақстан халқы Тілдері күніне орай тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Туған тілім-ұлы дала ұраны!" атты онкүндіктің ашылуы болып өтті. Айтулы шараны колледж директоры, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Б.Ахметов ашып,  құттықтау сөз сөйледі. Студенттер үш тілде  өлеңдер оқып,  қазақ тарихы мен тілі туралы дайындалған стендтермен таныстырды. "Қазақ хандары", "Қазақ батырлары",  "Үш би" тақтасын ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Л. Шыныбаева,  "Үш алып", "Алашордашылар",  "Бес арыс",  "Үш бәйтерек" топтамасын қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Г. Жалдыбаева,  "Тіл мен технология" тақтасын бірлестік жетекшісі,  ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Ерсайын таныстырып, қараңғы қазақ даласына білім нұрын әкелген,  елін,  жерін қорғаған рухты ерлердің қиын тағдырын жас ұрпаққа үлгі етті.  Колледж студенттері мен оқытушыларын тілдер онкүндігіне белсене қатысуға шақырамыз.

04 қыркүйек 2023 ж. 0