ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ТАЛҒАМЫ ТЕРЕҢ, ТАҒЫЛЫМЫ КЕНЕН АҒА ҰСТАЗ"

"ТАЛҒАМЫ ТЕРЕҢ, ТАҒЫЛЫМЫ КЕНЕН АҒА ҰСТАЗ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ардагер ұстаз Молдабай Ақниязовтың 80 жасқа толуына орай «Алтын діңгекті алып бәйтерек» атты мерейтойлық іс-шара аясында «Талғамы терең, тағылымы кенен аға Ұстаз» тақырыбында колледжішілік ғылыми жобалар байқауы болып өтті.

Ғылыми жобаның мақсаты-ардагер ұстаздың өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып,  теміржолшы мамандығын дәріптеу, адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу, студенттерді ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстармен  айналысуға қызықтыру, ой еңбегінің беделін арттыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау   көрсету. Өмірі өнеге мен үлгіге толы Ұстаздың ғұмыр жолын зерттеу барысында байқауға қатысқан жұмыстар    өзіндік даралығы, шығармашылық ізденісі, зерттеудің толық ашылуы және мәселелердің тереңдеп талқылануына орай қорытынды мерекелік кеште марапатталатын болады.

Байқауға  «Үлкендер жолы -ұлылық,  ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбымен В-22/9 тобының студенті Жаксылық Акбота  (жет: Әліпбаева Ф.), «Ардагер ұстазды ұлықтайық» тақырыбымен СОБ-22/9 тобының студенті Рашид Әсел (жет: Алибекова Л.), «Өнегелі әке, үлгілі ұстаз» тақырыбымен В-22/9 тобының студенті  Айтбай Ұлжан (жет: Утембетова Н.), «Өмірі нұрлы-өнегелі зейнеткер» тақырыбымен АТБ -22/11-2 тобының студенті  Қалберген Бақытгүл  (жет: Тәжімұрат Б.), «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбымен СОБ-22/9 тобының студенті Тұрганбай Нұргүл (жет: Алибекова Л.) және «Ұсталықтан-Ұстаздыққа»  тақырыбымен  ЭЖС-22/9 тобының студенті  Жанболатұлы Шәкәрім (жет: Жалдыбаева Г.) сынды жас зерттеушілер қатысты.


21 сәуір 2023 ж. 3