ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ВАНДАЛИЗМ-ҚОҒАМ ДЕРТІ»

«ВАНДАЛИЗМ-ҚОҒАМ ДЕРТІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес  кәмелетке толмағандар арасында қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында  директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаеваның ұйымдастыруымен «Вандализм-қоғам дерті» тақырыбында студенттермен таным сағаты болып өтті. Шара барысында  Мемлекет басшысының «халықтың құқықтық сауатын арттыру және қоғамдық тәртіпсіздіктер мен мәдениетсіздікті болдырмау жөніндегі міндеттер ерекше өзектілікке ие болып отырғандығын» айта келе,  «қоғамдық тәртіпті, қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қылмыстық кодекстің 293-бабымен («Бұзақылық») қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертіп, Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, жастар жанашыры Н.Нысанбекұлының бастамасымен түсірілген бейнекөріністі көрсетті. 


01 сәуір 2026 ж. 0