«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ-БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының №07-03/1014 санды хатына сәйкес дінтану пәнінің оқытушысы С.Төлегеновтің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбымен таным сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-кәмелетке толмағандар арасында діни сауаттылықты арттыру, дінтану, құқықтану пәндері аясында зайырлылық қағидаттарын түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Шара барысында Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің теологы Д.Жарылқасын мен «Халық» мешітінің ұстазы, теолог Ерланұлы Бекнұр қоғамда экстремизм мен терроризмнің алдын алу жаһандық мәселеге айналып отырғанына тоқталып, тыңдаушыларға қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін діни сауаттылықты арттырудың және дәстүрлі діндердің құндылдықтарын білу, деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдарын айтты.








