«АЛАШ РУХЫ-ОҚЫЛҒАН КІТАПТА»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан туғанына 160 жыл толуына орай «Алаш рухы-оқылған кітапта» тақырыбында кітапханашы сағаты өткізілді. Шараның мақсаты-білім алушыларды Алаш қозғалысы тарихымен таныстыру, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі қызметінің тарихи маңызын түсіндіру, сондай-ақ Ә.Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін насихаттау. Сонымен қатар, білім алушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, елжандылық пен отаншылдық рухты нығайту және тарихи-көркем әдебиеттерді оқуға қызығушылығын арттыру көзделді. Шара барысында кітапханашы сағаты аясында Ә.Бөкейханның өмір жолы, ғылыми және қоғамдық қызметі, қазақ халқының жер тұтастығын қорғаудағы еңбегі туралы кеңінен айтылып, тақырыпқа байланысты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды және оқушыларға тарихи әдебиеттер таныстырылды. Өз ойларын білдіріп, тақырып бойынша пікір алмасқан студенттер Ә.Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету-білімнен емес, мінезден» деген нақыл сөзі айтылып, жастарды білімге, елге қызмет етуге және кітап оқуға шақырумен қорытындыланды.








