ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ»

«ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес  кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында «Жасөспірім және заң» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты-білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Шара барысында  Қазалы Апб-нің ҚҚб-нің ЮПт-ның инспекторы полиция лейтенанты А.Казбеков, К.Мендибаев пен Н.Ағыбайлар білім алушыларды қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға және құқықтарын біліп, оны құрметтеуге шақырды.



16 ақпан 2026 ж. 1