"ҚАҒАЗ КІТАП ПА, ӘЛДЕ ЦИФРЛЫҚ ОҚУ ТИІМДІ МЕ?"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде білім алушылардың ақпаратты қабылдау ерекшіліктерін салыстыру арқылы саналы оқу таңдауына үйрету, студенттердің ойлау, талдау және дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында АӘ және ТД пәнінің оқытушысы Д.Бозжігіттің ұйымдастыруымен І-ІІ курс студенттері арасында «Қағаз кітап па, әлде цифрлық оқу тиімді ме?» тақырыбымен пікірталас болып өтті.
Шара барысында студенттер тақырып аясында дәлелді сөйлеу, фактілер мен аргументтерді пайдалану арқылы топтасып, салыстыру әдісі арқылы қағаз бен цифрлық оқудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдады. «Қағаз кітапты қолдайтындар» мен «Цифрлық оқуды қолдайтындар» тобына бірлескен пікірталасшылар логикалық дәлелдерге сүйену арқылы ойлау, талдау және дәлелді сөйлеу дағдыларын көрсете білді. Үйлесімді жұмыс нәтижесінде «Қағаз кітапты қолдайтындар» тобы шараны нәтижелі қорытындылап, дәлелді және фактімен сөйлеу барысында колледж әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды.








