ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БҮГІНГІ БІЛІМ, ЕРТЕҢГІ МАМАНДЫҚ»

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БҮГІНГІ БІЛІМ, ЕРТЕҢГІ МАМАНДЫҚ»

Қазалы  көлік-техникалық жоғары колледжінде қызмет көрсету бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сапалы қызмет-табысты қоғам» атты онкүндік аясында «Жасанды интеллект: бүгінгі білім, ертеңгі мамандық» атты танымдық-тәжірибелік шара болып өтті. Шараның жауапты ұйымдастырушылары Л.Туктыбаева мен А.Терекбаева инженер-педагогтарға оқу үрдісін автоматтандыру мен сапаны арттырудың ең тиімді жолдарын көрсетті.

Сабақтың цифрлық архитектурасы:

1.Google Forms-Жылдам бағалау құралы: Семинар барысында ұстаздар Google Forms платформасы арқылы лезде тест тапсырмаларын құрастырып, студенттердің білім деңгейін секунд ішінде анықтау әдістерін меңгерді. Бұл құрал уақытты үнемдеуге және объективті бағалауға таптырмас көмекші.

2.Gemini AI-Интеллектуалды сараптама: Сабақтың ең инновациялық бөлімі-Gemini жасанды интеллектін қолдану болды. Ұстаздар Gemini-ді пайдалана отырып:

    Сабақ жоспарларын секунд ішінде құрастыруды;

    Студенттердің жауаптарына терең талдау жасауды;

    Әр студентке жеке білім беру траекториясын әзірлеуді үйренді.

 Шара соңында ЖИ көмегімен алынған нәтижелерге рефлексия жасалды. Gemini ұстаздардың сабақ барысындағы іс-әрекеттеріне талдау жасап, әдістемелік ұсыныстар берді. Бұл-ұстаз бен технологияның үндестігі! Сонымен қатар, Sora, PixVerse және Narakeet құралдары арқылы мультимедиялық контент жасау жолдары көрсетілді.

06 ақпан 2026 ж. 5