ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қазалы ауданы прокурорының  03.02.2026 жылғы №2-1005-26-00206 санды және Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында І-ІІ курс студенттерімен таным сағаты болып өтті. Шара барысында білім алушыларға интернет-алаяқтық қылмыстарының көбеюі, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтың, оның ішінде жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы тәуекелдердің артуы тұрғысында ҚР «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында аталған тақырыптарды қамтитын «Закладчики. Мать», «Дроп» атты қысқаметражды профилактикалық фильмдері көрсетіліп, директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері мен олардан сақтану жолдарын, есірткі құралдарын заңсыз пайдаланудың және таратудың құқықтық салдарын түсіндіріп, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру тұрғысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.




05 ақпан 2026 ж. 0