ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНІҢ ЖАСТАР ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ»

«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНІҢ ЖАСТАР ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Әлеуметтік желінің және жасанды интеллект дәуірінің жастар өміріндегі рөлі» тақырыбында студенттер арасында пікірсайыс турнирі өтті. Шараның ашылуында «Жастар рухы» ЖҚ аудандық бөлімшесінің жетекшісі, Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов сөз сөйлеп, пікірсайыстың жастар үшін маңыздылығына тоқталды. «Пікірсайыс-жастардың ойлау қабілетін дамытып, азаматтық ұстанымын қалыптастыратын маңызды алаң. Мұндай турнирлер жас ораторларды тәрбиелеуге, олардың ойын ашық әрі сауатты жеткізуіне мүмкіндік береді. «AMANAT» партиясы жастар бастамаларын әрдайым қолдайды. Партия жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты да белсенді, саналы жас тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бүгінгі турнирге қатысып отырған барша студенттерге сәттілік тілеймін!»,-деді Н.Нысанбекұлы. Турнирге аудан көлеміндегі колледждерден әрқайсысы екі ойыншыдан құралған бес команда қатысып, олар «Үкімет» пен «Оппозиция «тараптарына бөлініп, ұсынылған қарарлар бойынша пікірталас жүргізді. Нәтижесінде, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі студенттерінен құралған «Теміржолшылар» командасы ІІ орын қанжығалады. ІІ курс студентті Е.Нұрлан «Үздік оратор» және Н.Қазыбек «Үздік философ» номинациялары бойынша марапатталды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелі дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.


02 ақпан 2026 ж. 0