«АТА-АНА-БАЛА ТӘРБИЕСIНIҢ ҚАМҚОРШЫСЫ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында «Ата-ана-бала тәрбиесiнiң қамқоршысы» тақырыбында ата-аналармен құқық қорғау органдары мен сала мамандарының қатысуымен кездесу болып өтті. Шараның мақсаты-балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту болып табылады. Шара барысында Қазалы ауданы полиция бөлімі ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, топтық төбелестер, т.б. туралы айтса, директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу, осы тұрғыда оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. .-«Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК «Болат жолы» ДА психологы Г.Жанайбекова жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шараны колледж басшысы Р.Ізтілеу қорытындылап, кәмелетке толмағандар арасындағы заң бұзушылықтың алдын алу-тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті екенін айтты.








