ҚКТЖК » Жаңалықтар » ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ.

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ.

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының және Қызылорда облысының полиция департаментінің 12.01.2026 жылғы №07-16/110 санды хатына сәйкес интернет пен цифрлы технологиялардың дамуымен қатар, интернет-алаяқтары да уақыт талабынан қалмай, азаматтарды қорқытып, алдап ақшаларын жымқырудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. «Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн» деп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында («Заң және тәртіп» айдары) айтылғандай, бүгінгі күнде, интернет-алаяқтық қылмысы, алаяқтар «СМС код айтып қойдың» деп қорқытып, несие рәсімдету және инвестицияға ақша салып көбейтесіз деп алдауы белең алған,. Қызылорда облысы көлемінде интернет-алаяқтық қылмыстарының 532 дерегі тіркеліп (2024ж. 248 дерек), 

өткен жылдан +114%-ға өсім алған.


14 қаңтар 2026 ж. 0