«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОНГРЕСІ
Форум аясында «Жасанды интеллект: Болашақтың іргетасы Республикалық білім беру конгресі болып өтті.
Конгрестің мақсаты:
Отандық кадрларды салалы даярлау бағытында тәжірибе алмасу, сондай-ақ үздік отандық тәжірибелер мен инновациялық әзірлемелерді талқылау арқылы ұлттық кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету. Сонымен қатар жасанды интеллект технологияларын меңгеpy дағдыларын қалыптастыру, ғылым, білім және инновация саласын басқару тәсілдерінің өзара байланысын нығайту, жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінің талаптарына бейімделу.
Конгрестің жұмыстарының нeгiзгi бағыттары:
Пленарлық отырыс пен панельдік сессияларға бөлінді.
І ші секция: Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы.
- Жұмыс берушілер мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың тиімді үлгілері;
- Жұмысшы кадрларды бірлесе даярлау тетіктері; Цифрлық технологиялар аясында өндіріс, өнеркәсіп саласындағы талаптарға сәйкес жұмысшы мамандарды даярлау.
Жұмысшы мамандарды даярлау үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану;
Цифрлық басқару жүйелеріне бейімделген жаңа формациядағы жұмысшы мамандарды даярлау.(Директорлар,директорлардың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, Әлеуметтік серіктес мекемелеріндегі тәлімгерлері мен колледж түлектері) Модератор: Ахметова Анар Барлыковна
ІІ секция: «ТжКБ педагогикасы: жаңа сын - қатерлер» Модератор: Г.С.Сарсенбаева колледж әдіскері, педагог-сарапшы (Темір жол мамандықтары бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері);
ІІІ секция: «Техника және тіл: теміржол саласындағы пәнаралық сабақтастық» Модератор: Г.П.Жалдыбаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші (Теміржол мамандарын даярлауда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін интеграциялау);
ІV секция: «Интерактивті білім беру платформасы: жаңа тәсілдер мен әдістемелер». Модератор: Ж.Қ.Каликова информатика пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы (Техникалық және жаратылыстану пәндерінің сабақтастығы арқылы теміржол саласындағы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру);
Қатысушылар жаңа идеяларын ұсынып, зерттеу жүргізу барысындағы тәжірибелік нәтижелерін талқылау арқылы жұмыстарын сарапшылар бағалады. Тарихы терең, табысы мол колледжіміздің мерейлі сәтінде "Жасанды интеллект: болашақтың іргетасы" тақырыбындағы форум аясында өткізілген білім беру конгресі 4 бағыт бойынша Қазақстан Республикасының регалииі бар сарапшы компатриоттар әр секциядағы қатысушыларын Теміржол саласына енгізуге болатын нақты практикалық ұсынысы бар баяндама жасағаны үшін «Ең үздік тәжірибелік жоба» бағамымен ,заманауи цифрлық шешімдер, автоматтандыру мен жасанды интеллект бағытында жасаған үздік баяндамасы «Цифрлық теміржол» бағамымен, техникалық тұрғыдан ерекше шешім ұсынған инженерлік баяндамасы үшін «Инженерлік жаңалық» бағамымен, саланың тарихы, еңбек ерлері мен дәстүрін насихаттаған баяндамасы үшін «Теміржол тарихы және дәстүр сабақтастығы» бағамымен, теміржолшының еңбегі, адамгершілік пен ұжымдық рухты дәріптеген баяндамасы үшін «Әлеуметтік жауапкершілік және адам факторы» бағамымен,
өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәдениетін арттыруға арналған баяндамасы үшін «Қауіпсіз еңбек – басты қағида» бағамымен және ақпараттық тұрғыдан бай, құрылымы мен дәлелдері мықты жұмыстары үшін түрлі бағамдармен әр бір өңірден келген қатысушылар мен өндірістік әлеумет серіктес меке өкілдері мен тәлімгерлеріне Қызылорда облысының білім басқармасының орынбасары Азизбек Жәнібекұлы Ізімбетовтың дипломымен марапатталды.Ал барлық қатысушыларға Қызылорда облысының оқу орталығының директоры Сырым Асқаровтың сертификаты табысталды.Барлық бағыттағы секциондық және пленарлық отырыста оқылған баяндамалар жинаққа беріліп облыс, Республикалық көлемінде насихатталып дәріптелетін болады.








