ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ЕҢБЕКПЕН ӨТКЕН, ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН - 95 жыл"

"ЕҢБЕКПЕН ӨТКЕН, ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН - 95 жыл"

Форумның соңы концерттік бағдарламен аяқталды. Алыстан келген барлық колледж директорлары мен сарапшылары Қызылорда облысының білім басқармасының орынбасары Азизбек Жәнібекұлы Ізімбетовтың Алғыс хатымен марапатталды. Әлеуметтік серіктестік мекеме басшылары мен колледж түлектерін білікті жұмысшы теміржол кадрларын даярлауда практикалық дағдымен қамтамасыз еткені үшін Аудан әкімі А.Есмахановтың  алғыс хатымен марапатталды.

 Форум барысында екі жақты келісім-шарттарға қол қою рәсімі арқылы меморандумға қол қойылды. Меморандумға Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжін қамқорлыққа алған серіктес кәсіпорын «Қамқор Локомотив» ЖШС «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалы басшыларымен және  АҚ «ҰК «Қазақстан теміржолы» өкілдері, ALT университетінің профориентаторлары және мектеп, балабақша, JuniorSkills , BabySkills, теміржол құзыреттілігі бойынша чемпионат ұйымдастыру бойынша меморандумға екі жақты қол қойылды.

Форумның жабылу салтанатында колледж ұжымы «Еңбекпен ел болған халық» – жұмысшы мамандықтарының тарихы мен бүгінін көрсететін сахналық  қойылымды  тарих парағынан  тамаша орындап шықты. Алматы қаласынан Республикалық теміржол саласындағы әдістемелік орталықтың бірлестік төрағасы Мағазов Ербол Джаруллаевич колледждің материалдық техникалық базасы мен өндірістік мекемелердің ынтымақтастығына жо,ары баға беріп, құттықтау арнауын оқып берді.Сонымен қатар, Шалқар көп салалы колледжінің директоры Жадыра Жұқатаева мен Ақтөбе көлік және байланы жаңа технологиялар колледжінің сарапшы, тренер УМО мүшесі Жубаниязова Ләззат сыйлығы мен құттықтау арнауын колледжге табыстады. Салтанатты жабылу рәсімін Техникалық және кәсіптік Білім Беру Гимнін колледждің тарих пәнінің оқытушысы Серік Талқанбайұлы орындады. Кеш соңын Қызылорда облысының әдістемелік орталығының ТжКБ жөніндегі бөлім меңгерушісі Муслимова Бибайша Қыдырқожақызы қорытындылады.


14 қараша 2025 ж. 0