ҚКТЖК » Жаңалықтар » Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы

Жалдыбаева Гүлмира Пәсепбайқызы

ҚазМҰУ-дың Журналистика, кейін филология  факультетінің түлегі. Еңбек жолын 1995 жылы аудандық "Тұран Қазалы" газетінде тілші болып бастап,  2000 жылдан ұстаздық қызметін аудандағы 266 мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жалғастырды.  2004 жылы аудандық сынып жетекшілер сайысында,  қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімдерінің сайысында 1, 2-орындар иеленді.

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіне  2013 жылдан елеулі еңбегімен көрініп жүрген ұстаз. Жетістіктері:

Облыстық "Жалпы пән оқытушысы-2018"  байқауының 2 орын, облыстық педагогикалық байқаудың 1 орын иегері.  Студенттері облыстық пән олимпиадасының, ғылыми жобалардың үздігі. Облыстық білім басқармасының,  облыс әкімінің марапаттарын алған. 

2008 жылдан бастап бүгінге дейін  Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушы жас жеткіншектерінің дамуына өз үлесін қосып, жұмысшылардың табанды еңбегін дәріптеу мақсатында түрлі мақалалары баспасөз бетінде жарық көріп жүр. Колледж жетістерін насихаттауда, жастарға ақыл-кеңес беруде еңбегі зор маман

Құрметті Ұстазымызға 2-қазан Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында  шын жүректен алғыс білдіреміз!

Құрметпен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж ұжымы.

28 қыркүйек 2025 ж. 1