ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫНАН БАСШЫЛЫҚҚА....
Бүгінгі таңда позитивті қоғамдық имидж қалыптастырудың бірден-бірі тетігі – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, олардың мемлекет пен қоғам арасындағы маңыздылығын айқындау. 2025 жылдың 25 қыркүйегі күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде "2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің" күні мерекесі қарсаңында екі тойы қабат келген бұрынғы колледж директоры Болатбек Әбиұлына алғыс лентасымен бастамақпыз.
23 қыркүйектен бастау алған онкүндік аясында түрлі форматтағы челлендж, шеберлік сағаттары, спорттық марафондар алғыс алаңдары мен бейнежобалар ұйымдастырылатын болады.
Осы ретте 45 жылдық саналы ғұмырын колледж қабырғасында өткізіп, білім мен тәрбие саласына арнаған колледжді шебер қызметінен колледж директоры қызметіне сатылай көтеріліп, 15жыл Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжін басқарған Ахметов Болатбек Әбиұлының тамыры терең тектіліктен қалыптасқан ғұмырдариясына үңілгенді жөн көрдік.
Болатбек Әбиұлы 1965 жылы 26 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген. Жанұяда көрген өнеге арманшыл жасқа қанат бітіріп, болашағын техника саласымен байланыстыра жүріп, 1980-1983 жылдары «Тепловоз машинисінің көмекшісі», 1983-1988 жылдар аралығында Уфа қаласындағы индустриалды - педагогикалық техникумын бітірген. Одан әрі қарай Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде білім алған.
Білікті маман ретінде өз іргелі істерге мұрындық болып, кәсіби маман болып қалыптасты. Теорияны практикамен ұштастыра отырып, өміршең дүниелерді қалыптастырды. Атап айтқанда, 2007 жылы «Жылжымалы құрамды», «Вагон қараушы», «Жылжымалы құрамның электрожабдықтарын жөндейтін слесарь-электрик» мамандықтары бойынша білім стандарттарының авторы, 2011 жылы шығармашылық топ құрамында болып, «Жол бригадирі» мамандықтары бойынша тест жұмыстарының құрастырушысы. Өмір жолын жұмысшы мамандықтан бастап, басшылық қызметке сатылап жеткен Болатбек Әбиұлының кәсіби және өмірлік тұрғыда айтар келелі кеңестері, ағалық қамқорлығы кейінгі буын үшін ерекше маңызға ие. Білікті маманға қашан да қолдау бар. Өмір жолын еңбекпен ұштастыра жүріп, еңбегі елеусіз қалған жоқ. Еліне қызмет ету жолында халықтың ыстық ықыласына бөленсе, мемлекет мәртебесін көтерді.
Болатбек Әбиұлы Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «Сала көшбасшысы» төсбелгілерінің иегері және Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы, «Білім беру саласының еңбегі үшін» грамоталарымен марапатталған.
Қызмет жолындағы саналы уақытында - 1988 жылы өзі білім алған колледжде алғаш өндірістік – оқу шебері, 1994-1998 жылдары аға шебер, 2003-2005 жылдары директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, 2005-2010 жылдары директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдары Қазалы көлік техникалық колледжінің директоры болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда 2024 жылдың 2-ші желтоқсанынан бастап М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің директоры болып тағайындалып қызмет атқаруда.
Құрметті Болатбек Әбиұлы! Мереке мезетіне тұспа- тұс келген туған күніңіз құтты болсын. Ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толағай табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіне аянбай еткен елеулі еңбегіңіз үшін ұжым алғыс білдіреді.
Құрметпен, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж ұжымы.








