ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЕЛ ҚОРҒАНЫ-ЕР ЖАНҚОЖА»

«ЕЛ ҚОРҒАНЫ-ЕР ЖАНҚОЖА»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  кешенді тәрбие жоспарына сәйкес бабаларымыз мирас еткен білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен, атажұртын  басқыншылардың езгісінен қорғаған батырларымыздың бірі- Жанқожа  Нұрмұхаммедұлының туылғанына-250 жыл толуына орай ВТЭ-23/9 тобының жетекшісі Г.Ақтлеуованың ұйымдастыруымен«Бабаға құрмет-балаға міндет» тақырыбында тәрбие  сағаты болып өтті. Мақсаты-аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту және  өз елінің тарихын білуге, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру. Шара барысында студенттер XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе  бастаған  Хиуа, Қоқан хандықтарының өктемдігі мен Ресейдің қазақ жерін  отарлау  саясатына қарсы шыққан халық батыры Жанқожа баба туралы тың мәліметтермен берілді және  халық батырының қайтпас қайсарлығын, ұлттық құндылықтарын насихаттайтын бейнежазбалармен танысты.


12 маусым 2024 ж. 1