ҚКТЖК » Жаңалықтар » «БАЛА КӨҢІЛДІҢ ГҮЛІ-КӨЗДІҢ НҰРЫ»

«БАЛА КӨҢІЛДІҢ ГҮЛІ-КӨЗДІҢ НҰРЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне арналған «Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры» тақырыбында іс-шара өтті.  Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту.Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Мерекелік кешті  «Білім беру ісінің үздігі», жастар жанашыры, колледжіміздің директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы ашты. Шара барысында  колледж қызметкерлерінің балалары ән салып, би биледі. Сонымен қатар «Ақылыңды шыңда!», «Деміңді ұста» «Үрле де, Ұтып ал» тренд ойындары ойналып жеңімпаздарға колледж кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтары табысталды. Барлық қатысушы бүлдіршіндерге мерекелік сусындар мен балмұздақтар таратылды.Іс-шараға көпбалалы отбасынан шыққан білім алушы студенттердің ата-аналары қатысты.


   

03 маусым 2024 ж. 1