ОТБАСЫНДАҒЫ ӘКЕ МЕН АНАНЫҢ РӨЛІ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес І курс ата-аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Шара барысында колледж директоры Б.Ахметов отбасындағы әке мен ананың рөлі, жасөспірімдер арасында орын алған қылмыстық оқиғалар, қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен есірткі, лудомания, вейп темекі мен интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында бірлескен қадамдық жұмыс жоспарына тоқталды. Ата-аналар колледж әкімшілігіне көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.