ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР»

«ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР»

Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен есірткі, лудомания, вейп темекі мен интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында бірлескен қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес «Өз көзіңмен көр» шарасы аясында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенттері Қазалы аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының нарколог дәрігері  Б.Тілеуімбетовпен кездесіп,  нашақорлықтың алдын алу шаралары және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы «Есірткінің денсаулық үшін қауіптілігі» тақырыбында дәріс тыңдап қайтты. Дәрістің мақсаты-студенттерге нашақорлық, вейп темекі сияқты зиянды әрекеттердің алдын алуға тәрбиелеу және оларды жаман әдеттерден сақтандыру, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру. Кездесу барысында колледж педагог-психологы А.Таңжанов, валеология пәнінің оқытушысы Р.Шыныбаеваларға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, психикаға әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі және есірткінің зияндығы туралы жадынамалар таратылды.   

20 май 2024 ж. 0