ҚКТЖК » Жаңалықтар » «НАШАҚОРЛЫҚ-ҚАУІПТІ ҚАСІРЕТ»

«НАШАҚОРЛЫҚ-ҚАУІПТІ ҚАСІРЕТ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау және ел аумағында есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жұмыстарын жандандыру мақсатында колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес нашақорлықтың алдын алу мақсатында колледж мейіркеші А.Айманның ұйымдастыруымен «Нашақорлық-қауіпті қасірет» атты дәріс сағаты болып өтті. Дәріс сағатының мақсаты-жасөспірімдер мен жастар арасында психикаға белсенді әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі, алкогольдік өнім және есірткінің зияндығы туралы  ақпараттармен бөлісу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Шара барысында  директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары  Г.Kүзембаева студенттерге жасөпiрiмдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы айтып, жас жеткіншектердің психикасына әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі және есірткінің зияндығы туралы  бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.


20 май 2024 ж. 0