ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҚАЗАЛЫЛЫҚ ҚАҺАРМАН-ҚАНАҒАТҰЛЫ ӘЛІМЖАН»

«ҚАЗАЛЫЛЫҚ ҚАҺАРМАН-ҚАНАҒАТҰЛЫ ӘЛІМЖАН»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ауған соғысының ардагері, жерлесіміз Ерниязов Әлімжан Қанағатұлымен  кездесу кеші болып өтті. Генерал-майор Ә.Қанағатұлы 1955 жылы     9 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1977), Мәскеу қаласы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1987), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясы Жоғары академиялық курсын бітірген (2001). Өмір жолында Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты (1973-1977), Орта Азия ЭО мотоатқыштар взводының командирі, пулемет взводының командирі, жалпы әскери мотоатқыштар взводының командирі, рота командирі, Орта Азия ЭО мотоатқыштар ротасы командирі, батальон командирінің орынбасары-штаб бастығы, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңшысы (1979-1987), Орталық батальон командирі, Жезқазған облысы,Балқаш қаласы әскери комиссары, сақтау базасы полкінің командирі, дивизия командирінің орынбасары, сақтау базасы бастығы, ҚР ҚК арсеналдар мен қару қоры базасы Бас басқармасының бастығы, ҚР Құрлық әскері гвардиялық оқу орталығы бастығының орынбасары-бөлім бастығы, оқу орталығы бастығы, ҚР ҚМ қарамағында (1987-2006), АҚШ ҚК ОЦК Коалициясы координациялық орталығындағы аға ұлттық өкілі (1977-2006), «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары - штаб бастығы, қолбасшы, ҚР ҚМ қарамағында (2006-2009), 2009 жылғы тамызынан ҚР ҚМ Бас инспекциясының Бас инпекторы қызметтерін атқарған.  1980-1981 жылдары Ауған соғысына қатысып, «Қызыл жұлдыз», ІІІ дәрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін» ордендерімен марапатталған. Шара барысында жас жеткіншектеріміз Ә.Қанағатұлына көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Кешті колледж директоры Б.Ахметов қорытындылап, Қазалыдан шыққан тұңғыш генералға сый-сияпат көрсетті.


06 май 2024 ж. 2