“МЕНІҢ ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТКЕН КІТАПТАР”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Оқуға кұштар колледж» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Жалдыбаеваның ұйымдастыруымен колледж білім алушылары арасында "Менің өмірімді өзгерткен кітаптар" тақырыбында эссе жазу байқауы өтті. Мақсаты-оқырмандар арасында өздері оқыған кітаптары арқылы өмірге деген құштарлығын, отансүйгіштікке, сыйластық пен кішіпейілдікті дәріптеу, жастарды кітап оқуға баулу. Байқау қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпазы болып ЛЖС-23/9 тобының І курс студенті Жандарбек Әлім танылды. Ол өзі оқыған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын тандап, жұмыс көрсетті. Қазақ халқының тарихында өшпес ерлігімен қазақ халқының абыройын асқақтатар ұлт батыры атанған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер-жазушы Б.Момышұлы шығармашылығындағы мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты көзқарасы мен ой тұжырымдары ұрпақ тәрбиесіне үлгі. “Ұшқан ұя”-қазақ руханиятының бай қазынасы, шығарма арқылы сөз құдіретін танытып, сөйлеу шешендігін дәріптеп, шала тілді ұрпаққа салиқалы тәрбие берер, бағыт сілтеу.