«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде құқық бұзушылық, қылмыс пен қараусыздық, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу максатында валеология пәнінің оқытушысы Г.Рахманбердидің ұйымдастырумен денсаулық саласы мамандарының қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі» тақырыбында дәріс сағаты болып өтті. Шара барысында «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясының психологы Г.Жанайбекова зорлық-зомбылық, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, өмірдің қиын жағдайында қалған балаларға психологиялық қолдау көрсетуге арналған ақпараттық роликтер көрсетілімі («Әлеуметтік үрей дегеніміз не?», «Әлімжеттік», «Буллинг», «Кибербулинг дегеніміз не?», «Үрей», т.б.) ұйымдастырылды. Білім алушылар мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.