ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ ЕРТЕҢІ БҰЛЫҢҒЫР»

«ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ ЕРТЕҢІ БҰЛЫҢҒЫР»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде құқық бұзушылық, қылмыс пен қараусыздық, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес  жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу максатында валеология пәнінің оқытушысы Р.Шыныбаеваның ұйымдастырумен денсаулық саласы мамандарының қатысуымен «Ерте жүктіліктің ертеңі бұлыңғыр» тақырыбында дәріс сағаты болып өтті. Шара барысында Қазалы теміржол емханасының гинекологы А.Ахметова «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқып,  ерте жүктіліктің алдын алу, одан қорғану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, колледж мейіркеші А.Айман білім алушы жасөспірімдерді зиянды әдеттер туралы айтты. Шараны директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, бойжеткендерді қазақ қызына тән әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік т.б. әліппесін дәріптеуге шақырды. Жас жеткіншектеріміз мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.


17 сәуір 2024 ж. 0