ҚКТЖК » Жаңалықтар » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ-2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ-2024» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

 Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде оқу орнының 20 жылдық мерекесіне орай "Жас өнертапқыш-2024" халықаралық байқауы өткізілді. Байқауға Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясына қарасты техникум және облысымыздағы колледждердің жас өнертапқыштары қатысты.  Мерекелік шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы,  облыстық оқу орталығы кәсіптік білім бөлімінің әдіскері Улан Танмамбет  , Байқоңыр қаласының өзін-өзі басқару Қоғамдық Кеңесінің төрағасы, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс басқармасының басшысы Новиков Виктор Андреевич, Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің директорлар кеңесінің төрағасы Ахметов Болатбек  Әбиұлы, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы  Серік Жанұзақұлы, колледждің әлеуметтік серіктестері, мәслихат депутаттары,  қоғамдық бірлестік өкілдері, колледж және мектеп директорлары, ардагер ұстаздар, ата-аналар қатысып өз лебіздерін білдірді. Аталған шараға Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің СОБ -22/9 тобының студенті Жолбарыс Даяна ұсынған жоба  жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі өндірістік оқыту шебері Ерімбетов Қуандық. Әріптесіміз бен студентімізгді  ұжым атынан құттықтаймыз!!!




11 сәуір 2024 ж. 14