ҚКТЖК » Жаңалықтар » КӨКТЕМГІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ.

КӨКТЕМГІ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ.

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  ІІІ курс студенттерімен көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары туралы жиын өтті. Жиында колледж директоры Б.Ахметов ашып, кәмелет жасқа толған жастардың әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі екендігін айтса,  Қазалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Н.Көлбаев пен №5547 әскери бөлім штаб бастығының аға көмекшісі майор М.Ақбасов хабарлама жасап,    2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы медициналық сараптамадан өтуін қамтамасыз ету, жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау шараларын күшейту жөнінде нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



10 сәуір 2024 ж. 0