ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ҚАНЫШ СӘТБАЕВ - ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ"

"ҚАНЫШ СӘТБАЕВ - ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  В-23/9 «Вагондарды жөндеу слесарь» тобында физика пәнінің оқытушысы М. Бисенованың ұйымдастыруымен «Қаныш Сәтбаев-ғұлама ғалым» атты танымдық сағат өтті.  Шараның мақсаты-аса көрнекті ғалым, геоглог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті, 1964 жылдан КСРО Ғылым Академиясының акдемигі, 1951 жылдан Тәжік Ғылым академиясының құрметті академигі болған Қаныш Сәтбаевтың артында қалдырған ғылыми мұраларымен студенттерді таныстыру. Тақырып аясында  бейнебаяндар көрсетіліп, слайдтар арқылы мәлімет беріліп, студенттер өмірбаяны, ғылым жолындағы ізденістері мен  еңбектері туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, ақын -жазушылардың Қаныш Сәтбаевқа арнаған өлеңдерінен арнау ұсынды.


05 сәуір 2024 ж. 0