«КҮЙЗЕЛІСТЕН ШЫҒАР ЖОЛ»
Қазалы көлік-техникалық колледжінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес І курс студенттерінің ата-аналарымен агрессия, депрессия, суицидтік мінез-құлық көріністері және баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етудегі ата-ана мен отбасының өзара әрекетін қалыптастыру мақсатында «Күйзелістен шығар жол» тақырыбында тренинг өткізілді. Кездесу барысында колледждің педагог-психологы А.Таңжанов ата-аналармен «Стресстен арылу әдістері», «Қателесу-тәжірибе жинауға мүмкіндік береді» туралы ақпараттар беріп, тақырыпты ашу жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар тақырып аясында өз пікірлерін білдіріп, сауалнамаларға жауап берді. Кездесуді колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, тренингке қатысқан ата-аналарға ризашылығын білдірді.