ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛЕТІН АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ»

"ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛЕТІН АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары  колледжінде директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары, педагог-психолог және топ жетекшілерімен бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес І-ІІ курс студенттеріне жастар мен жасөпiрiмдер арасында денсаулық саласы мамандарының қатысуымен «Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу» тақырыбында әңгімелесу сағаты болып өтті. Мақсаты-жастар мен жасөспiрiмдердi зиянды әдеттерден сактандыру, жыныстық жолмен жұғатын ауруларды жұқтыруға кедергі келтiретiн мiнез-құлық дағдысын қалыптастыру, салауатты өмір салтына бағыттау, тақырып аясында акпаратпен толық қамтылуын қамтамасыз  ету болып табылады.  Шара барысында облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес мекемесінің Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы филиалы меңгерушісі, дәрігер-эпидемиолог З.Жолдыбаева  жыныстық жолмен берілетін аурулардың жұғу жолдары, олардың алдын алу және денсаулыққа байланысты  жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, лифлеттер таратты. Кешті ұйымдастырушы колледж мейіркеші А.Айман білім алушы жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға шақырды. 


05 сәуір 2024 ж. 9