ҚКТЖК » Жаңалықтар » “АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ-АНА ДЕГЕН ҚҰДІРЕТ!”

“АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ-АНА ДЕГЕН ҚҰДІРЕТ!”

   Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет!» атты салтанатты мерекелік кеш болып өтті.  Мерекелік салтанатты кеште колледж директоры Б.Әбиұлының бастауымен ерлер қауымы ұжымдағы әйелдерді тікесінен тік тұрып, мерекелік көңіл күймен қарсы алды. Колледж басшысы, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Б.Ахметов “жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаз-аналардың еңбегін” айрықша атап өтті. Білім саласында жемісті еңбек еткен ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрінің, Қызылорда облысы білім басқармасының және облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен бірге, колледждің белсенді студенттерін Алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.





07 наурыз 2024 ж. 0