ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ANTIPARACRAFT-2024»: БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!

«ANTIPARACRAFT-2024»: БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу-елдің стратегиялық дамуының негізгі факторы болып табылады. Осы орайда,  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Саналы ұрпақ» азаматтық клубының бастамасымен жастардың арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «AntiParaCraft-2024»: Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында  квест-интеллектуалды ойыны болып өтті. Шара барысында директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін білім алушылар сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт екенін,  қазіргі таңда жастардың бойына парасаттылықты қалыптастыру және студенттер арасында адалдық, әділдік, адамгершілік, сенімділік және басқа да ізгіліктерді дарыту бағыты бойынша тамаша бастама деген пікір білдірді. Шарада квест ойынының шарт талаптарымен  командалар таныстырылып, қатысушылар белгілі бір тапсырмаларды шешу, логикалық жұмбақтарды шешу, жолында кездескен қиындықтармен күресу, ортақ мақсатқа жетуі қажет жолында тартысты.

27 наурыз 2024 ж. 0