ҚКТЖК » Жаңалықтар » «БЕРЕКЕЛІ, ӘЗ-НАУРЫЗ!»

«БЕРЕКЕЛІ, ӘЗ-НАУРЫЗ!»

  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Ұлыстың ұлы күні-22 наурыз мерекесіне орай «Берекелі, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Жыл басы-Наурыз! Қазақтың жыл санауы бойынша жаңа дәуірдің басталуы, жаңару мен жаңғырудың нышаны болып осы Наурыз ерекше қастерленген. Төл мерекеміздің мәні мен маңызын асқақтату үшін бұл дәстүрді айрықша атап өтуге №5 аймақ тұрғындары, колледждің білім алушылары мен қызметкерлері және ұстаздар қауымы,сонымен қоса колледждің әлеуметтік серіктес мекемелерінің, спорт саласының ардагерлері және зейнеткерлері қатысты. Шара барысында колледж аумағына темір , ағаш бұйымдары және тамақ өнімдері шығарылды. Колледж қызметкерлері ұлттық киімде ұлтымыздың құндылықтары мен дәстүрлерін жаңғырта отырып  15 наурыз-қайырымдылық күні, 16 наурыз-мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні , 17 наурыз-Шаңырақ күні,18 наурыз- Ұлттық киім күні,19 наурыз - жаңару, 20 наурыз - ұлттық спорт, 21 наурыз - ынтымақ, 22 наурыз - жыл басы, 23 наурыз - тазару күндеріне театрландырылған көріністер қойды. Мерекеде колледж қызметкерлерінен құралған Әжелер ансамблі халық әндерін шырқап, білім алушылар мың бұрала биледі. Аталған шараға Қазалы ауданының әкімі М.Шермағанбет, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов қатысып ізгі лебіздерін білдірді.Колледж басшысы Б.Ә.Ахметов шараға қатысқан қонақтарға және колледж қызметкерлеріне алғысын білдіріп жыл қортындысы бойынша өз саласының үздік мамандарын марапаттады. Атап айтқанда: Жылдың «Үздік жалпы білім беретін оқытушысы-2024» облыстық сайысының жеңімпазы А.Ерсайынға ұжымның атынан 200 000 теңгенің Сертификаты, Колледжішілік «Үздік арнайы пән оқытушысы-2024» сайысының жеңімпазы Б.Тажимбетова, «Үздік өндірістік оқу шебері-2024» сайысының жеңімпазы М.Нұржігітов, «Үздік техникалық кіші қызметкер-2024» бағамымен А.Өтембет, «Үздік студент-2024» бағамымен Жолбарыс Динара, «Үздік спортшы студент-2024» бағамымен Әбдібаев Дархан колледж басшысының Алғыс хатымен марапатталды және кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтары табысталды.Сонымен қатар "Үздік ұлттық киім" бағамымен М.Ахай жетекшілігімен құрылған Әжелер ансамблі, "Ұлттық нақыштағы үздік бүлдіршін" бағамымен Айсезім Рысдаулет ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік кешке қатысқан қонақтар,білім алушылар мен ұстаздар қауымы дастархан басына жайғасып дәстүрлі Наурыз көжеден дәм татты.


20 наурыз 2024 ж. 3