«АРМЫСЫҢ,ӘЗ-НАУРЫЗ!»
Биыл Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды. Наурызнама онкүндігіне орай 14-23 наурыз аралығында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, дәріптеу және қазақтың ұлттық киімдерін насихаттау мақсатында кешенді тәрбие жоспарына сәйкес 14 наурыз-«Көрісу «Амал» мерекесі» күні, 15 наурыз-«Қайырымдылық» күні, 16 наурыз-Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер» күні, 17 наурыз-«Шаңырақ» күні, 18 наурыз-«Ұлттық киім күні», 19 наурыз-«Жаңару» күні, 20 наурыз-«Ұлттық спорт» күні, 21 наурыз-«Ынтымақ» күні және 22 наурыз-«Жыл басы» күніне орай барлық топтарда мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ата-аналар мен студенттер тұсау кесіп, бесікке бала салып, айтулы мерекеде тал көшеттерін отырғызды. «Ұлттық құндылық-тәрбиенің түп қазығы» айдарымен ұлттық салт-дәстүр, бұйым, құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, ұршық иіріп, жүн сабап, ұлттық құндылықтарымызды брендке айналдырды. Студенттер қолымен шеберханадан шыққан күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер мен қазақы нақыштағы әшекей бұйымдарға да сұраныс арта бермек.