ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»

«Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»

Астана қаласының 20 жылдығына орай 8 маусым күні колледжімізде «Қоғамдық пәндер» бірлестігі, тарих пәнінің оқытушысы Раймбердиев Мейрамбектің «Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы» апталығы барысында ұйымдастырылған «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» атты танымдық кеш өткізілді.
Кештің мақсаты: Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; жастардың бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Аталмыш шарада М.Раймбердиев: Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылғанын, тәуелсіздігіміздің перзенті жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі Астана екендігін айтып өтті. Кеште Астананың бүгінде қарыштап дамып, күннен-күнге гүлденген құрылыс кешендерін бейне баян арқылы көрсетіліп таныстырылды.
№5 кенттік кітапхананың кітапханашысы Алмагүл Орынбай «Асқақта, абаттан-Астана» атты кітап көрмесімен таныстырды. Танымдық шарада І.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін №74 топ студенттері шырқады.
Кеш соңын директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ералы Серік Талқанбайұлы Арманның асқарындай Астанамыздың мерейтойымен құттықтап, кешті қорытындылады.





08 маусым 2018 ж. 1 561