ҚКТЖК » Жаңалықтар » “АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ КӨРІНІСІ”

“АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ КӨРІНІСІ”

 Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) жастарды пәнаралық байланыс арқылы оқуға құштарлығын арттыру мақсатында «Заманауи әдістерді пайдалана отырып, математика-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқуға құштарлығын дамыту» тақырыбы бойынша Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Абай шығармашылығындағы физикалық құбылыстардың көрінісі» атты дәріс сағаты өткізілді. Мақсаты-физика сабағында Абай  атамыздың шығармаларын қолдану, оның білімдік, тәрбиелік, физикалық мақсаттарын жүзеге асыру, оқушыларға Абай өлеңдері мен шығармаларының мәнінің зор екендігін түсіндіру.  Физикаға, табиғатқа Абай шығармалары тікелей байланыста табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар оның шығармаларында кең, әрі ғылыми терең негізде көрініс тапқан. Абай табиғатты жан-жағынан әсем келбетте суреттейді. Табиғат пен физикалық құбылыстарды бір арнаға ұштастыра отыра жан-жақты  сипаттайды. Мысалы, «Қыс» өлеңінде:                                                 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,                                                                                                     Соқыр, мылқау таңымас тірі жанды.                                                                                         Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.                                                                                                     Басқан жері сықырлап келіп қалды ... - деген жолдарында: «Ақ қырау»-кристалл мұздардың жұқа қабаты. Бұл кристаллдар әртүрлі пішінде болады. Бұл ауадағы су буының қатуы. Қырау болуы үшін міндетті түрде аздап болсын аяз болуы керек, сондықтан ауадағы ылғалдылық кристалданады. «Басқан жері сықырлап» қар тек қана аязды күндері ғана сықырлап дыбыс береді.  Қар ұсақ кристалдардан тұрады.  Қарды басқан сайын кристалдар жарылып, дыбыстар шығарады.                                                       Абайдың шығармаларын қолдана отырып , физика пәнінің әр тарауларынан сабақпен байланысты жерлерін алып, оқушылардың сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыруға болады. Оқушыларда жалпы дүниетанымның қарапайым алғы шарттары  Абай өлеңдері арқылы қалыптасып, түсініктері молаяды және де қазіргі қоғамда өсіп келе жатқан жасөспірімдер Абай өлеңдері мен оның шығармаларын оқуда тілін,  мағынасын түсінеді, кейбір тіркестердің мағынасын жатық ажырата алады.                                                                                                                                                                                    Абай атамыздың өлеңдеріне, шығармаларына  қарапайым физикалық терминдар арқылы түсініктеме беріп отырса, мағынасын түсінген оқушылар құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ ұстап, дербес ойлап, әрекет етуге дағдыланар еді.

15 наурыз 2024 ж. 4