ҚКТЖК » Жаңалықтар » БАСШЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

БАСШЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

      Қадірменді әріптестер, ата-аналар мен қыздср қауымы!

Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!                                           Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялаа тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.                                       Сіздер, адамзаттың ең бір асыл перзенті ғана емес, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!                                      Отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізге мол бақыт, шығармашылық табыс және отбасыларына амандық тілеймін! 

Құрметпен, колледж директоры Болатбек Әбиұлы!


06 наурыз 2024 ж. 1