ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ»

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ»

   Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) 2023 жылдың ақпан айына «Оқуға кұштар колледж» жобасы аясында «Ұлылар үндестігі» тақырыбындағы апталық жоспарына сәйкес тарих пәнінің оқытушысы  М.Раймбердиевтің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында таным сағатын өткізді. Мақсаты-жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу.                              Таным сағатында экранға қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері, нақыл сөздері қойылып, қазақ халқымыз үшін сіңірген еңбегі баяндалды. Білім алушылар қазақтың бес арысы, үш бәйтерегі туралы, қазақ халқының көкірегі ояу, көзі ашық болуын қалап, жан қиярлық тер төккен, жазықсыз қамауға алынып, репрессияға ұшыраған ұлы тұлғалар туралы танып, білді. 


04 наурыз 2024 ж. 0