ҚКТЖК » Жаңалықтар » “ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024” ІІІ кезең

“ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024” ІІІ кезең

       Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2024 жылдың 08 ақпан күнінен бастау алған  теміржол мамандықтары бойынша            «ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024» колледжішілік байқауының ІІІ кезеңі өткізіліп, өз мәресіне жетті.

«ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024» колледжішілік байқауына барлығы 31 студент қатысып, соңғы қорытынды  кезеңге 10 студентіміз  жолдама алған болатын.  Студенттер «Қазалы тепловоз жөндеу зауыты», «Қамқор вагон» ЖШС «Қазалы вагон жөндеу депосы» филиалы және «Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясы»  әлеуметтік серіктес мекемелерінде өз шеберлігі мен қабілетін, кәсіби дағдыларға ие екендігін көрсете білді. Мекемеден бекітілген тәлімгерлер мен комиссия құрамының шешіміне орай «ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024» колледжішілік байқауының жеңімпаздары анықталды.

    ЛЖС-22/9 тобының студенті Мамай М, жетекшісі: Байтлесов Р- 07160500 – «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»;

    В-22/9 тобының студенті Жақсылық А, жетекшісі: Актлеуова Г-07160600– «Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»;

    ЭЖС-21/9 тобының студенті Оразғали А, жетекшісі: Абуова А- 07130100-«Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)»;

    СОБ-22/9 тобының студенті Өмірбай А, жетекшісі: Еримбетов К- 07140700-«Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы.

«ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024» бақауының жеңімпаздарын құттықтап, білікті маман иелері болуына тілектеспіз!


13 наурыз 2024 ж. 10