ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЛУДОМАНИЯ-БОЛАШАҚТЫҢ ДЕРТІ»

«ЛУДОМАНИЯ-БОЛАШАҚТЫҢ ДЕРТІ»

    Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының хатына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Саналы ұрпақ» азаматтық клубының ұйымдастыруымен «Лудомания-қоғамның дерті» тақырыбында І-ІІ курс студенттері арасында пікірталас болып өтті. Шараның мақсаты-жасөспірімдер арасында ойынқұмарлықтың алдын алу, жастардың көп қызығатын дерттен  арылуға, алшақ жүруге шақыру. Шараға қатысқан І курс студенттерінен құралған «Жалын» тобы мен ІІ курс студенттерінен құралған «Зерде» тобы құмар ойындармен жастардың көп қызығатындығын, жасөспірімдер арасындағы кең етек алып бара жатқан ойын құмарлықтан арылуға,оңай жолмен ақша тауып, теріс жолға түскен жастар жалған сөйлеуге, ұрлық-қарлыққа барып қылмыс жасауға бейім болатынын, өзгелердің өмірі мен өз өмірлеріне кесірі тиетіндіне тоқталса, жасөспірімдер келешек оқуы мен жұмысқа орналасуы кезінде кедергі болатындығын түсіндіріп, жастарды тәртіпке, жақсы білім алуға шақырды. Пікірталас қорытындысы бойынша І курс студенттерінен құралған «Жалын» тобына колледж әкімшілігінің Алғыс хаты тапсырылды. 


13 наурыз 2024 ж. 17