ҚКТЖК » Жаңалықтар » ТАРИХ.ТҰЛҒА.ТАҒДЫР

ТАРИХ.ТҰЛҒА.ТАҒДЫР

  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 4-15наурыз аралығында өткізілетін « Нақты ғылым -дүние кілті бүгінде...» атты  нақты ғылым пәндерінің  онкүндік жұмыстарының  жоспарына сәйкес, химия пәнінің оқытушысы Н.Избанның ұйымдастыруымен «Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай» Тарих. Тұлға. Тағдыр тақырыбында студенттер конференциясы болып өтті.                                                 Қ.И. Сәтбаев – энциклопедиялық білімі бар ХХ ғасырдың ғұламасы. Ол өз заманының сан алуан салалар мен тарауларға бөлініп, жоғары дамыған ғылымының бәрінен хабардар болды. Әр ғылым саласының заңдары мен байлығын ашып, халық игілігіне пайдалануға қалтқысыз еңбек етті. Қ.И.Сәтбаев – жаңашыл ғалым. Ол металлогения ғылымының негізін салушылардың бірі, ал Қазақстанда осы ғылыми бағытты орнықтырушы деп атайды. Шара барысында студенттердің  ғалым туралы өлеңдері оқылды және көрермен студенттермен WordwaII.net бағдарламасымен тапсырмалар орындады. Ғалым туралы кеңінен насихатталып,В-23/9 тобы студенті Досан Айжан I Дәрежелі Дипломмен,ЛЖС-23/9 тобы студенті ЛепесАслан IIДәрежелі Дипломмен, III орынды ЛЖС-23/9 тобының студенттері Жандарбек Әлім мен Көмекбаев Нұрсұлтан бөлісті.Нақты ғылым пәндеріне белсенді қатысқан студенттерді колледж директорының мақтау қағаздарымен  марапатталды.


06 наурыз 2024 ж. 1