"БЕЛГІ БЕРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ КЕЗІНДЕ ПОЙЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде арнайы пән оқытушысы Б.А.Тажимуратова №СОБ-21/9 “3W07140702-Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электромонтер” тобына “Белгі беру және байланыс құралдарының бұзылуы кезінде пойыздар қозғалысын ұйымдастыру ” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Белгі беру және байланыс құралдарының бұзылуы кезінде пойыздар қозғалысына рұқсат беретін ДУ бланкілерін қолдану. Ашық сабақта интерактивті панель бойынша слайд көрсетілді. Әр студентке бағалау парағы таратылып үй тапсырмасы LessonUp платформасы арқылы сұралды. Студенттерге «Жасырынған сұрақтар», «Сыйлық жәшігі» әдістері арқылы орындауға арналған тапсырмалар берілді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында ДУ-56 , ДУ-55 нысанды бланкілерін толтыру үлгісі туралы слайдтар көрсетілді. Сабақ өз мақсатына жетті.