ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Тарихқа құрмет – ұрпаққа міндет»

«Тарихқа құрмет – ұрпаққа міндет»

2018 жылдың 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тарих пәнінің мұғалімі Дошанова Жаңагүл мен №76 «Кондитер» тобының кураторы Сартай Айгүлдің ұйымдастыруымен «Тарихқа құрмет – ұрпаққа міндет» танымдық кеш өткізілді. Тарихи танымдық кештің мақсаты: Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі мен саяси арнадағы тарихи деректерінен толық мағлұмат беру. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған бірнеше қазақ халқының зиялылары туралы түсінік беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.Танымдық кеште №5 кенттік кітапхананың  кітапханашысы Алмагүл Орынбай «Әлихан – алаш азаматы» атты кітап көрмесін таныстырды.Тарих пәнінің мұғалімі Дошанова Жаңагүл Әлихан Бөкейханның қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дербестігі, саяси құқығы мен азаттығы, қазақтың жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы барысындағы еңбектері туралы сөз қозғады. Ахмет Байтұрсынұлының  Әлихан Бөкейханның қазақтардың азаттығы мен тәуелсіздігі үшін қайтпас қайсарлықпен күресетін көшбасшы, халық көсемі екеніне зор құрметпен арнаған «Досыма хат» Арнау өлеңін  Сартай Айгүл оқыды. №76 «Кондитер» тобының студенттері Алаш азаматтарына арнаған ақындарымыздың жыр-шумақтарын мәнерлеп оқыды. Тәрбиелік тағылымы мол кешті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ералы Серік қорытындылап, «Жаса Қазақстан» әнімен тамамдалды.





31 май 2018 ж. 1 321