ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЖАҚСЫ КІТАП-ЖАН АЗЫҒЫ»

«ЖАҚСЫ КІТАП-ЖАН АЗЫҒЫ»

 Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) 2023 жылдың ақпан айына «Оқуға кұштар колледж» жобасы аясында «Ұлылар үндестігі» тақырыбындағы апталық жоспарына сәйкес колледж кітапханашысы С.Сугурованың ұйымдастыруымен «Жақсы кітап-жан азығы» тақырыбында подкаст ұйымдастырылды. Мақсаты-білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту, әр адамның өміріндегі кітаптың маңыздылығын жеткізу және оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Шараға қатысқан кітап жанашырлары орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.Алибекова мен Т.Сағындық студенттермен өздері оқыған кітаптарымен бөліссе,  директордың тәрбие ісі жұмыстары  жөніндегі орынбасары  Г.Күзембаева «кітап оқу-қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың»,-деп білімгерлерді кітап оқуға шақырды.

27 ақпан 2024 ж. 5